21.08.2024, 17:45
Оқылды: 127

Қаратөбеде «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

099808AF-4F39-4847-8359-AF257774870E

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Осы жолы Алматы қаласынан «FREEDOM HOLDING CORP» компаниясы қызметкерлері өз қаражаттарынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қоржын ауылындағы «Аққозы мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ 40 оқушысына қайырымдылық көмек ұйымдастырды.

B192E977-1857-4407-BCB1-9C0B2398DB96

Оқушыларға арнайы мектепке арналған сөмке, ноутбук, күзгі мезгілге арналған және спорттық киімдермен демеушілік жасады.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында демеушілік жасаған «FREEDOM HOLDING CORP» компаниясы қызметкерлеріне ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді.

Бекжан Қойшекенов

Қаратөбе ауданы​

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале