9.02.2018, 11:51
Оқылды: 55

Қаратөбеде тұрғын үй кезегінде 218 адам тұр

Халық алдында есеп берген аудан әкімі Жанат Асантаев құрылыс саласында да оң өзгерістер бар екенін айтты.

Оның сөзінше, 8 бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (64,4 млн.теңге) және 14 пәтерлі коммуналдық үйдің инженерлік-коммуникациялық желілері (15,6 млн.теңге) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қаратөбе ауылында бір пәтерлі 14 тұрғын үйдің (120,1 млн.теңге) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

- Жеке тұрғын үй салу үшін аудан орталығынан 87 жер телімі беріліп, жалпы ауданы 1,9 мың шаршы метр немесе 18 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 218 адам бар. Алдағы уақытта кезекте тұрған тұрғындарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында төрт пәтерлік 3 тұрғын үй құрылысының сметалық құжаттамасы жасақталды, сараптамадан өтуде. Сондай-ақ бір пәтерлік 150 тұрғын үй құрылысының құжаттамасы жасақталуда. Ал бір пәтерлік 150 тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық жүйесін жүргізу үшін сметалық құжаттама жасақталып, кешенді ведомстводан тыс сараптамадан өтуде, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Суретті түсірген Айбатыр Нұраш

6 9

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале