2.12.2023, 22:37
Оқылды: 34

Қаратөбеде ұлттық ойын түрлерінен мекемеаралық турнир өтті

Қыс айының алғашқы күні Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасының прокуратурасы күніне орай ұлттық спорттық ойындар, оның ішінде дәстүрлі садақ ату, бес асық және асық атудан мерекелік мекемеаралық турнир ұйымдастырылды. 

Прокуратура7

Мерекелік спорттық іс-шараның ашылу салтанатын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан алғы сөзімен ашып, Қазақстан Республикасы аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының прокуратурасы қызметінің маңыздылығына тоқталды.

Прокуратура 6

Залда сап түзеген спортшыларға сәттілік тілеген Жасұлан Кәрелұлы аудандық прокуратураның прокуроры Алмас Төрегелдіұлы мен прокуратура қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

Спорттық іс-шарада сөз алған аудан прокуроры Алмас Таспихов Қазақстан прокуратурасы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысушы аудан спортшыларына ризашылығын білдіріп, аталмыш турнирде олардың жеңіске жетулеріне тілекші екендігін жеткізді.

Турнирдің бас төрешісі, «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Нұрдәулет Саленов жарысқа қатысушыларды ойындардың Ережелерімен таныстырды.

Прокуратура9

Ерлер арасындағы садақ атудан, асық атудан, әйелдер арасындағы «бес асық» ойындарына қатысушы спортшылар өз өнерлерін ортаға салып, жеңімпаз атануға тырысып бақты.

Прокуратура 8

Турнир бойынша ойындар қорытындысына сай дәстүрлі садақ атудан алдын жан салмаған сұр мерген Дастан Нығыметов (ЖОББМБ) І орынды жеңіп алып, бірінші дәрежелі диплом, медаль және 10 дана оғымен садаққа ие болды.

прокуратура 11

ІІ жүлделі орынды нысананы көздеудің шебері, «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Шүрмен, ІІІ орынды «Қаратөбе» спорт клубының қызметкері Абай Кенжебаев иеленіп, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар, медалдар және 5 дана, 3 дана оғымен садаққа ие болды.

прокуратура 13

Асық атудан І орынды жеңіп алған Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының қызметкері Жасұлан Батырбаевқа бірінші дәрежелі диплом, медаль және бірнеше асық салынған қорап (Асықтар комплектісі), ал ІІ және ІІІ орындар бұйырған туризм орталығынан қатысушы спортшы Асылбек Айболатов пен «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Нұрдәулет Саленовке екінші және үшінші дәрежелі дипломдар, медальдар және бірнеше асық салынған қорап (Асықтар комплектісі) табысталды.

прокуратура 12

Перизат Дүйсенова «Бесасық» ойынының жеңімпазы болып танылды. Жеңімпаз П.Дүйсенова бірінші дәрежелі диплом, медаль және 10000 теңгенің сертификатына ие болды. ІІ орын және ІІІ орындарды Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімі Света Азербаева мен туризм орталығының қызметкері Гүлназ Қайырлиева иеленіп, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар, медальдар және 7 мың, 5 мың теңгенің сертификаттарын қанжығаларына байлады.

Прокуратура 14

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мен аудан прокуроры Алмас Таспихов жүргізді.

прокуратура 15

прокуратура 16

прокуратура 17

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы 

zhaikpress.kz   

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале