29.11.2018, 16:19
Оқылды: 4

Қаратөбеде жыл басталғалы 25 өрт оқиғасы тіркелген

Бұл туралы бүгін Қаратөбе ауданы әкімдігінде аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында айтылды.

 IMG_8022 - копия

Отырыста төтенше жағдайдың алдын алу және жою бойынша биылғы жұмыс қорытындысы және келер жылғы міндеттер туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Ысқақов баяндап берді.

Мэлс Тілектесұлының айтуынша, 11 айда ауданда 15 өрт және 10 дала өрті оқиғасы тіркелген.

Жиында күзгі-қысқы мезгілге мал азығының дайындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Қанат Бадақов хабарлама жасады. Ол алдағы қыс мезгіліне аудан бойынша 61 590 тонна мал азығы дайындалғанын, 305 тонна мал азықтық жемі жеткізілгендігінен хабардар етті.

Комиссия соңында аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев отырыста көтерілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне, бөлім басшыларына төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты ұсыныс айтты.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале