7.04.2021, 12:04
Оқылды: 43

Қаратөбелік мұғалімдерге екпе алудың маңыздылығы түсіндірілді

Коронавирус жұқпасына қарсы екпе алу туралы халыққа насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қаратөбе аудандық СЭББ және аудандық ауруханамен бірлескен жоспар құрылған болатын.

 Екпе түсінік 1

Жоспар бойынша осал топқа жататын адамдарды екпе алуға және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында бірнеше мемлекеттік мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Екпе түсінік

6 сәуірде Қаратөбе аудандық СЭЭББ бөлім басшысы Мағия Аманжанқызы, аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлмесінің медбикесі Айсұлу Бекесқызы және аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев Қаратөбе мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен қызметкерлеріне екпе алудың маңыздылығын түсіндірді.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале