25-27 қыркүйек күндері Ақтау қаласындағы Маңғыстау арена спорт кешенінде дзюдодан «КСРО спорт шебері» Төрекенұлы Жұбатқанды еске алуға арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық республикалық турнир өтті.
Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның 17-і облысы мен үш қаласынан 2 000-ға жуық жас палуан қатысып бақ сынаған турнирде Батыс Қазақстан облысы атынан күрескен Саралжын ауылының балалары да өз деңгейінде өнер көрсетті.
2014-2015 жылы туған қыздар арасында Еңілік Сабырғали ІІІ орынға ие болып облыс, аудан намысын қорғап, аудан спортының мерейін үстем етті.
– Шәкірттерімнің ата-аналарына және аталмыш республикалық турнирге қатысуымызға қолдау көрсеткен спорт саңлағы, жерлесіміз Артур Қойшығұлұлына үлкен алғыс айтамын, - дейді «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері, Саралжын күрес мектебінің бапкері Ертілеу Ерғожин.
Ерболат Мырзағұлұлы
Қаратөбе ауданы