Қаратөбе аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 2002-2004 жылы туған ұлдар арасында волейбол ойынынан аудандық чемпионаты өтті.
Аталмыш жарыстың ашылу салтанатында аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дулат Қоламанов жанына спортты серік еткен жеткіншектерге сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілегін жеткізді.
Ойынның бас төрешісі Жасұлан Ниязов ойын шартымен таныстырып, бабы келісіп жеңімпаз атанған команда облыстық кезеңге жолдама алып аудан намысын қорғайтынын айтты.
Қызу да тартысты өткен жарыстың нәтижесінде Б.Қаратаев атындағы Саралжын мектеп командасы І орынды иеленіп, облысқа жолдама алды.
Аққозы мектебінің командасы ІІ орынға табан тіресе, Жамбыл мектебінің командасы ІІІ орыннан көрінді. «Жеңіске деген жігер үшін» аталымы Шөптікөл командасына бұйырды.
Үздік ойын көрсетіп, командаларын жеңіске жетелеген үздік ойыншылар да марапатталды.
Айта кетсек, «Үздік шабуылшы» аталымына Асылан Жұмабаев (Аққозы мектебі), «Үздік қорғаушы» аталымына Орынғали Нұртілеу (Жамбыл мектебі) ие болды.
Тоты Есқайырова,
Қаратөбе ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер