БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Қарғын суға қарсы тұрғандар марапатталды

Кеше су тасқыны қаупі төнген кезде уақытпен санаспастан, бел жазбастан еңбек еткен жерлестеріміз аз емес. Соған орай аудан әкімдігінде өткен салтанатты іс-шарада сол қарғын суға қарсы тұруға өзіндік көмегін бергендерге құрмет көрсетілді.

WhatsApp Image 2023-04-01 at 10.54.06 (1)

Жиналғандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаған аудан әкімі Марат Тоқжанов су тасқыны кезінде күн-түн демей ортақ іске жұмыла кіріскен азаматтарға бәйтеректіктер атынан алғысын жеткізді.

-Жауапкершілікті жіті сезініп, топан су сынды тілсіз жауды жүгендеуге күш салған төтенше жағдай, өрт сөндіру, шекара қызметі, мекеме-кәсіпорын, ауылдық округ әкімдігі қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге ризашылығымызды білдіремін. Бәріңіз бірігіп, бір-біріңізді түсініп әрекет етулеріңіздің арқасында тұрғындарымыз зардап шекпеді, үйлерді су басқан жоқ. Сол үшін де сіздерге ел риза, - деді Марат Лұқпанұлы.

WhatsApp Image 2023-04-01 at 10.54.05

Жиында біраз жерлесіміз облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Олардың арасында «Шалқар» шекара бөлімшесінің бастығы Дулат Рысқұл, «Авангард» ЖШС директоры Сергей Ихсанов, су тасқынының алдын алуға атсалысқан кәсіпкер Индира Ролланқызы, сындарлы сәтте ассенизатор техникасымен көмектескен Азамат Мұсағұлов,  Переметный ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысшысы Тахир Қалиев,  жолдарды жыру, арықтарды тазалау жұмыстарына тракторымен жәрдемдескен Самат Жұмағұлов, шаршамастан құм салынған қапшықтарды тасыған, кезекшілікте болған Зеленов ауылдық әкімдігінің күзетшісі Саламат Құспанов, Зеленов ЖОББМ жұмысшысы Ғасыр Қажығалиев, «Қазсушар» мекемесінің механизаторы Владимир Григоренко және өзгелер бар.

WhatsApp Image 2023-04-01 at 10.54.06 (2)

Ал елге тілсіз жаудан қауіп төнген кезеңде табандылығымен көзге түскен Атамекен ауылының тұрғыны Асылбек Әжіханов, Январцев ауылының тұрғыны Виктор Савельев,  Дариян ауылы тұрғындары Марат Дәуқариев, Александр Акименко, Талғат Сарбалақов, зеленовтық Тілеген Абулов, Марат Ермеков, Мерхат Есенғалиев, Достық ауылдық округі тұрғындары Есенжан Нұртазин, Қайыржан Бәсеров, көшімдік Эльдар Меңдіғазиевтер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Сондай-ақ сындарлы сағатта ел-жұртпен бірге еңбек қылған ауыл әкімдерінің еңбегі де ескерусіз қалған жоқ.

WhatsApp Image 2023-04-01 at 10.54.06

Мәселен, Зеленов ауылдық округінің әкімі Ізғали Дәулетов, Макаров ауылдық округінің әкімі Еркін Әбілкәкімов, Мичурин ауылдық округі әкімінің орынбасары Зейнолла Қалиевтер осындай марапатқа ие болды. Сонымен қатар «Асфа», «Белес Агро» ЖШС-ларына, «Коммунальник» мекемесіне,  аудандық білім беру бөлімі, мәдени-демалыс орталығы, «Шың» театры, Белес ауылдық округі әкімдігі, Белес ауылдық клубы, Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ, Переметный, Камен, Пригород мектептері ұжымдарына да алғыс айтылды.

Сәлім Мәмбеталиев,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале