Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
24 Қыркүйек 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады

Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды
22 Қыркүйек 2023

Жаңақала ауданында фельдшерлік-амбулаториялық пункт ашылды

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?
22 Қыркүйек 2023

Орал алдағы жылыту маусымына дайын ба?

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген
22 Қыркүйек 2023

БҚО-да биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғалары 29%-ға көбейген

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин
22 Қыркүйек 2023

Мемлекетке қайтарылған жер әділ бөлінуі тиіс – С.Жұманғарин

Каринаға құрмет көрсетті

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжанов Дариянда​ әлем чемпионы Карина​ Сисенованы қабылдап, құрмет білдірді.

FB_IMG_1644386297979

Қабылдауға Каринамен бірге бапкері Руслан Аристанов та келді.

-Елдің мерейін асыратын спортшыларды қазақ елі қашан да құрмет тұтады. Әлемді мойындатып, түрткүл дүниеге қазақ қызының қайсарлығын таныта білген өзіңе алғысымыз шексіз. Бұл жетістік қандай маңдай термен келгенін білеміз. Спортшының жеңісінде бапкерлердің де еңбегі зор. Болашақта да отанымыздың атын әлемге таныта беруге тілектеспін, -деді аудан әкімі Марат Тоқжанов құттықтауында.

FB_IMG_1644386300112

Құрметке разы болған Карина Сисенова әрі қарай да жаттығуын күшейтіп, ел мерейін асыра беру жолында еңбек ете беретінін айтты.

-Бала күнінде алдыма келіп, тынымсыз еңбек етіп жүрген Карина өзінің спорттық жолындағы алғашқы үлкен жетістігіне жетті. Алдағы уақытта да бірлесе жұмыстанамыз. Ел құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіруде. Қазақ елінің үмітін ақтай беруге күш саламыз, -деді Карина Сисенованың бапкері Руслан Аристанов.

FB_IMG_1644386293181

Айта кетейік Карина Әбу Дабиде өткен ММА-дан әлем чемпионатында төрткүл дүниенің чемпионы атанды. Егемен елінің Көк байрағын биіктен желбіретіп, ел спортының жұлдызына айналуын тілеген аудан басшысы құттықтау хат ұсынып, бағалы сыйлық табыстады.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале