Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Артур Ермұқанов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Фархад Уахитов Ақжол және Мерген ауылдық округтерінде болды.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында өткен кездесуде тыл еңбеккерлеріне мерекелік құттықтаулар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Құттықтаушылар еңбек майданының батырларының хал-жағдайын сұрал, олардың соғыс жылдарындағы ерен еңбегі мен қайсарлығына алғысын арнады.
«Қариясы бар үйдің қазынасы бар. Тылда тер төгіп, бейбіт күнді жақындатқан ардагерлерімізді ұлықтау – біздің басты парызымыз», – деп атап өтті аудандық партия филиалының төрағасы Артур Орынғалиұлы.

Өз кезегінде кейуаналар жылы лебіздерін білдіріп, елдің тыныштығы мен амандығы үшін бата берді.
Бүгінде аудан бойынша 98 тыл ардагері бар. Мереке қарсаңында олардың барлығына тиісті әлеуметтік төлемдер жасалды. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында оларға қолдау мен қамқорлық алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғаса бермек.
Аида Аралова,
Ақжайық ауданы