29.09.2022, 14:46
Оқылды: 39

«Қариялар – сарқылмас қазынам»

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде 1-қазан қариялар күніне арналған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты шара мен спорттық ойындар өтті.

6

Шараның салтанатты ашылуында аудан әкімі Дархан Закарин сөз алып, барша қарияларды айтулы мерекемен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Одан әрі қарияларға арнап ұлттық тағам бауырсақ пен ақ ұсынылды.

7

Алдымен ән мен биге кезек беріліп, өнерпаздар жұрттың ықыласына бөленді.

8

10

9

Қариялар қол күресі, үстел теннисі, асық ату, веложарыс сынды сайыстардан бақтарын сынады.

11

13

(Жарыстың нәтижесін "Жаңарға өңір"газетінің алдағы санынан оқи аласыздар).

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале