15.03.2024, 17:30
Оқылды: 12

Қарияларды құттықтады

Бүгінгі Қайырымдылық күнінде Бөрлі ауданында біраз игі шара өтті.

WhatsApp Image 2024-03-15 at 16.55.49

Мәселен, Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Ардақтайық қарттарды» атты шара ұйымдастырылды.

Наурыз мерекесімен орталықтағы қызмет алушыларды құттықтай келген облыстық мәслихат депутаты Жасталап Құрманқұлов пен аудандық мәслихат төрағасы Қайрат Ермекбаевтар, арнайы сый-сияпат тарту етті.

WhatsApp Image 2024-03-15 at 16.55.51 (1)

Бөрлі ауылындағы бұл орталық 2011 жылы ашылды. Мұнда 49 қызмет алушы бар. Оның 12-сі мүгедектігі бар адам болса, қалғаны зейнет жасында. Үлкейген сайын бала болып, әркімге жалтақтаған жанарларын мұң басқан жандардың әрқайсысы осы өмірлеріне шүкіршілік айтады.

IMG_20240315_170929

Жақыны бермеген жылуды орталық қызметкерлерінен тауып, өмір сүруде. Сондықтан болар орталықтағы әр адам туғанындай болып кеткен. Әлеуметтік нысанда жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қамқорлықпен қамтылған. Қызмет алушылар толықтай мемлекеттің қамқорлығында. Мемлекеттік стандартқа сәйкес мұнда жеті түрлі қызмет көрсетеді.
Қайырымдылық шарасы аясында аудандық демалу орталығының әншілері тамаша концерт қойды. Шырқалған әр әнді қосыла айтып, балаша шаттанып, ортаға шығып билеген қызмет алушылар шараны ұйымдастырған барша жанға алғыс жаудырды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале