30.09.2022, 18:52
Оқылды: 56

Қарттарын қадірлеген - ел ардақты

  Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген - ел ардақты» атты мерекелік кеш өтті.

45

Кешті «Жәнібек сазы» халықтық-фольклорлық ансамблі Малғаджар Аубакировтың «Талас» күйімен ашып берді. Мерекемен құттықтауға арнайы келген аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жақсылық Абдолов қарияларды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі. Аудандық ардагерлер ұйымының жетістіктерімен бөлісіп, республика деңгейінде насихаттауға тұрарлық екенін айтты.

111122

Мәдениет қызметкері Райымбек Кәрімов пен Шынар Каюпова мереке иелеріне «Ауылым» әнін арнаса, Қажымұқан Хамидолла «Ағаларым» әнін орындап берді. Өз кезегінде «Ақмаржан» халықтық-би ансамблі мың бұралып би биледі.

Қолына қара домбырасын алған Ерданат Серіков Бекмұрат Анарбаевтың «Қадірле, ата-анаңды» әнін нақышына келтіріп орындап берді.

Ауданымыздың өнерпаздары Шынар Каюпова «Барам апа», Райымбек Кәрімов «Ана» әнін, тыңдарман қауымның құрметіне бөленген күйші Шынтемір Рамазанов, Динаның күйі «Әсем қоңырды» тарту етті.

Мың бұралған бишілеріміз өз құттықтауларын «Өзбек биімен» білдірсе, Тамара Кафарова «Ризамын», Райымбек Нұрғалиев «Ауылым» әнімен жеткізді.

Кешті аудамыздың күміс көмей әншісі Райымбек Кәрімов «Жәнібегім» әнімен қорытындылады.

Бақытжан Маратұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале