13.11.2020, 10:12
Оқылды: 153

Қарулы Күштер қатарындағы қызмет – азаматтардың ізгі борышы мен міндеті

Қазақстан Республикасын қорғау - еліміздің әрбір азаматының ізгі борышы мен міндеті. Республика азаматтары заңмен бекітілген тәртіпте әскери қызмет атқарады. Бұл норма – халықаралық келісім ережелері. Отанымызды қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында бекітілген.

BD966110-B8AF-41C8-98DB-3F292D2CE43C

Егер Қазақстан Республикасы шартты бекіткен халықаралық шарт Заңда қарастырылған ережелерден басқа ережелерді бекітсе, Отан Заңдары қолданылады – бұл халқымыз, жауынгерлеріміз қолына қару алып, туған жерімізді, бостандығымызды жаулардың күшінен қорғауға мәжбүр болған замандардағы көне дәуірлерге тамырын терең жайған халқымыздың тарихи дәстүрі.

Қарулы Күштердегі қызмет барлық уақытта да әр азаматтың ардақты міндеті және борышы болып саналады. Ата-бабаларымыз елімізді қорғап, жерімізді сақтап қалу үшін көп тер төккен.

Ағымдағы жылы Қазақстан әскерінің құрылғанына 28 жыл толды. Әр жылдың көктем-күзінде жас жігіттер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Республикалық гвардиясының, ҚР ҚК Ішкі әскерлерінің, ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери бөлімдеріне Қарулы Күштер қатарына шақырылады.

Азаматтардың мерзімдік әскери қызметке шақырылуы сапалы жүзеге асқан сайын, қарқындылық пен жауынгерлік әзірлік те жоғары болатынын әскерге шақыру науқанын талдау нәтижелерінен байқауға болады. Осылайша, жас буынды Қарулы Күштер қатарына сапалы іріктеп алу қазіргі заманға сай қажетті Қазақстан әскерінің жауынгерлік әзірлік деңгейін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтары ҚР Президенті Жарлығымен бекітілген 2012 жылдың 16 ақпанындағы №561 «Әскери қызметшілердің әскери міндеті мен мәртебесі туралы» Заң негізінде Қарулы Күштер қатарында қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қарулы Күштер қатарында Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген ерекшеліктерді ескере отырып, ережелерге сәйкес ерікті түрде немесе шақырту бойынша әскери қызмет атқарады.

Әскери қызметкерлердің келесі құқықтары бар:

– Қазақстан Республикасы Президенті бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін, уәкілетті органдардың бірінші басшылары қарастырған тәртіпте Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде мемлекет есебінен ақшалай үлеспен қамтамасыз етілуге;

– Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нормаларға сәйкес заттай және басқа да мүлік түрлерімен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуге;

– Өзінің лауазымдық міндеттерін адал атқаруды, біліктіліктерін, қабілеттерін ескере отырып, қызмет бабында көтерілуге;

– Уәкілетті лауазымдық тұлғаның келісімімен әскери оқу орындарына және басқа да білім беру ұйымдарына баруға және де курстық даярлықтан өтуге;

– Қауіпсіздік техникасы және гигиена талаптарына сай денсаулық сақтауға және қызмет шарттарына;

– Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ретте әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде өміріне, денсаулығына немесе жеке мүлкіне келтірілген зиянның орнын толтыруға;

– Заңға сәйкес, әскери қызметін атқарған мерзімде тұрғын үймен қамтамасыз етілуге;

– Әскери қызмет міндеттерін орындаған кезде қаруды сақтауға, өзімен ұстап жүруге және қолдануға.

Бүгінде Қарулы Күштеріміз үш түрлі құрылымнан тұрады. Олар: құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері. Бұлардың әлеуеті ұлғайтылды. Стратегиялық тұрғыда дағдарыстық жағдайлар орын алған кезде негізгі міндеттерді шешуге қатысу үшін жоғары деңгейлі әскери топтар, кез келген қауіп-қатерге қарсы жедел әрекет ететін Арнайы операция тобы, киберкеңістікте қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл мақсатында ақпараттық күрес компоненті құрылды. Сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғаныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күштер құрамындағы аумақтық әскерлердің басқару органы пайда болды. Құрылымның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды. 

Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміздің халықаралық рейтингтегі жағдайы жылдан-жылға оңала түскені жасырын емес. Global Firepower ұйымының рейтингі бойынша 2017 жылы біздің әскеріміз әлемдегі барлық әскерлер арасында 53-ші орыннан табылды. Бірақ бұған тоқмейілсуге әсте болмайды. Өйткені әскерімізді жаһандық сын-қатерлер мен өзгерістерді ескере отырып жетілдіре түсу жұмысын үздіксіз жүргізу уақыт талабы. 

Қорыта айтқанда, Қарулы Күштерімізді одан әрі дамыту, заман сұранысына сай жетілдіру, әскери дайындықты арттыру, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға атсалысу үшін мүмкіндіктерді ұлғайту күн тәртібінен түспек емес. 

Ербол Жұмағазиев,

Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор                                              

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале