Теректіде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «AMANAT» партиясы мұғалімдердің сауаттылығын арттыруды қолға алды.
Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында аталмыш жобаның тиімділігіне тоқталып, Үкіметпен бірлесіп, бүкіл ел бойынша оның ауқымын кеңейтуді тапсырған еді.
Осы орайда Шаған ауылдық мектебінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқыту басталды.
Аталмыш шараның ашылу салтанатына «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев, Шаған ауылдық округінің әкімі Ербол Исеев және жоба менторы Назгүл Шарафеддинова қатысты.
Ұстаздар қауымы арасында ұйымдастырылған оқытуға аудан бойынша 50 мұғалім қатысып отыр.
Алғаш болып сөз алған Мирхат Мақсотұлы жобаның мақсатына тоқтала келіп, оқуға қатысушы мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұл жоба осыған дейінде аудандағы барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылып, білім алған бірнеше адамға арнайы сертификат тапсырылды. Ал жобаға қатысушылар оның тиімділігін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Жоба жалғасын тауып келеді.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы