14.11.2023, 17:30
Оқылды: 45

Қаржыгерлер марапатталды

15 қараша - Ұлттық валюта күні және де қаржыгерлер мерекесі. 

15db5f4f-6f2b-4386-b88f-f62c1c8dcc23

Егемен елдің осыдан тура 30 жыл бұрын енгізілген төл теңгесі бүгінде әлемдік қаржы айналымында өзіндік орны бар валюта.

0ff8239b-a4fa-40fe-b632-4ba5e81170de

Бүгін атаулы күнге орай Теректі аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шарада Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйледі.

a4cf1c58-459e-4f0d-b3a1-24cf1e9a2216
Қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап,  марапаттау рәсімін өткізді.

9a6629ea-e6c1-4f5e-aa13-aaff944f3f62
ҚР Қаржы Министрлігі қазынашылық комитетінің Құрмет грамотасымен Сәбира Томпишева, БҚО бойынша қазынашылық департаментінің Құрмет грамотасымен Жанна Лұқпанова марапатталды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Нұрлан Есенғалиевтің алғысхаты Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ағиба Дүйсембаеваға табыс етілді. Облыстық стратегия және даму басқармасынан экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мөлдір Амангельдинаға, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасынан экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Сәуле Бұсырмановаға жолданған алғысхаттар иесін тапты. Аудан әкімінің алғысхаты бір топ қаржыгерге берілді.
Осы жиында қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай ұйымдастырылған шағын футбол турнирі жүлдегерлері: I орын алған білім беру бөлімі (50 мың теңге), II орын - балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (30 мың теңге), III орын - мәдени-демалыс орталығы (20 мың теңге) командалары марапатталды.
Салтанатты шара одан әрмен мәдеинет үйі өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале