5.10.2021, 17:26
Оқылды: 56

Кәсіби мереке аталып өтті

Бүгін Жәнібек аудандық мәдениет үйінде Халықаралық ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін!» атты салтанатты кеш өтті. Шараға Дина Сапашева, Сағынғаным Сүкірова, Ғалия Ғұбашева, Асылғаным Құлмурзина, Гүлара Темірғалиева, Тұрсын Ниғметова, Біржан Мырзағалиева, Рузия Абатова есімді ауданның ардагер-ұстаздары қатысты.

E5C78E40-2945-4AEC-B4B1-720BBACCA197

Кеште аудан әкімі Азамат Сафималиев білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, бір топ мұғалімді марапаттады. Дәлірек айтсақ, №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Зухра Қошмұхамбетова, Х.Халиуллин атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жансерік Қалмияров, Ғ.Абдуллин атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Люся Харесова және аудандық балалар саз мектебі домбыра класының оқытушысы Гүлмира Құбаева облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталса, ауданның Ғ.Сарыбаев, Т.Жароков, Е.Ниетқалиев, М.Ықсанов, Х.Халиуллин, А.Оразбаева атындағы орта және негізгі мектептері мен №1 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Құмар Хайрушев, Эмиль Шәмелов, Аяби Марданов, Нұрболат Хисин, Нұргелді Шампиев, Марал Төлешов, Дулат Рахатов, Елдос Әліпқалиев және Әлібек Кенжәлиев аудан әкімінің алғысхатына ие болды. Сонымен қатар жуырда 2021 оқу жылы республикалық конкурсының қорытындысына сәйкес, «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» бойынша II орын және облыстық «Жасампаздар жаршысы» аталымының жүлдегері «Алтын ұя» бөбекжай-балабақшасының әдіскері Абзал Саматовты ерекше атап өтіп, құрмет көрсетілді.

5612B525-7C51-4FED-AD24-2C371EE4317E

Салтанатты жиында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина жиналған қауымды мерекемен құттықтап, М.Ықсанов атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Мұратоваға, мектептен тыс жұмыстар орталығының директоры Нұртілек Мизамбаевқа, Ғ.Қараш атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзина Рахмушеваға аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасын табыс етсе, М.Ықсанов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Альфия Қарақұлованы, №1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Альбина Алтаеваны, Ұзынкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жансұлу Сұлтанғалиеваны және «Балбұлақ» бөбекжайының әдіскері Гүлбаршын Есенғалиеваны аудандық білім беру бөлімінің алғысхатымен марапаттады. Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ұстаздар мерекесіне орай мұғалімдер арасында өткен тоғызқұмалақ ойынының жүлдегерлері марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Бұдан бөлек Кәсіподақ күніне орай аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Аққу Нұрғалиева Орталық комитеттің «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін Т.Жароков атындағы орта мектептің іс-қағаздар жүргізушісі Алмагүл Дәулетшинаға тақса, аталған комитеттің Құрмет грамотасын Х.Халиуллин атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Бауыржан Шәріпов пен Е.Ниетқалиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Эльмира Ниғметоваға табыстады. Сол сияқты Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Серғазы Айтжанов пен «Алтын ұя» бөбекжайының тәрбиешісі Зәуреш Қуанғалиеваға аудандық кәсіподақ ұйымының алғысхаты берілді.

Шара барысында ардагер-ұстаз Асылғаным Құлмурзина ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудандық саз мектебінің оқытушысы Әсел Байболатқызы «Мың алғыс саған, ұстазым!», Ақмарал Меңешова «Баллада о спорте», Т.Жароков атындағы орта мектептің мұғалімі Эльмира Мақсотова «Бақытты бол, ұстазым!» әндерін шырқаса, мектеп оқушылары үш тілде жыр-шумақтарын арнады. Шара соңы әнші Асылан Боранбаевтың орындауында «Ұстазым» әнімен қорытындыланды.

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале