3.01.2024, 18:00
Оқылды: 32

Кәусардың арманы орындалды

Жаңа жылдың қарсаңында шын ниетпен тілеген тілектер орындалады.

InShot_20240103_170204676

Ақжайық ауданы Чапаев ауылындағы М. Әуезов атындағы мектептің 5-сынып оқушысы Кәусар Кәкімжан бұған енді шүбә келтірмейді.

Ол басқа балалардай Жаңа жылда Аяз атаға емес, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазыпты. Сұрағанда да, тәтті емес, өнерлі қызымыз домбыра тілеген екен.
Кәусар — мектептегі домбыра үйірмесіне қатысып, түрлі байқаудан олжалы оралып жүрген балғын өнерпаз.

Жаңа жылдың қарсаңында аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Мұратқалиұлы, аудандық мәслихат депутаты Д.Тілепбергенов Кәусармен арнайы кездесіп, домбыра тарту етті.
Аудан басшысы сабағымен өнерді қатар алып жүрген алғыр балғынға жаңа жылда жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіріп, ата-анасына алғысын арнады.

Аида Асылбек,
Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале