1.03.2021, 18:28
Оқылды: 84

Қазақстан чемпионын қарсы алды

Алматы қаласында ММА-ден жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан өңір спортшылары үш қола, бір күміс және бір алтын медаль еншіледі.

 карина сисенова (2)

Еліміздің үздік жекпе-жек шеберлері сыналған бәсекенің облысымызға бұйырған жалғыз алтын жүлдесін бәйтеректік Карина Сисенова қанжығалады. 57 келі тартатын балға аяқты, балта жұдырықты ару чемпионат барысында Алматы, Павлодар және Қостанай облысының қыздарымен жұдырықтасып, барлығын жеңген.

карина сисенова (3)

- Жеңіс оңай келген жоқ. Жетістікке жетуіме бірден-бір себепші болған бапкерім Руслан Аристановқа алғысым шексіз. Сонымен қатар чемпионат алдында толыққанды оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүмкіндік берген жасөспірімдер ұлттық құрамасының бас бапкері Алмат Есентаевқа және өзім жаттығатын «Muharib top team» клубындағы командаластарыма да қолдауы үшін ризамын, - деді Карина Сисенова.

карина сисенова (6)

Күні бүгін сапардан келген спортшы қызды Дариян ауылының жастары вокзалдан қарсы алды. Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралған ауылдасын қарсы алуды ұйымдастырған Марзия Кунусбаева ауылды ғана емес, барша облысты үлкен қуанышқа бөлеген жеңімпазды қарсы алу спортшыға қосымша күш беретіндігін айтады.

Енді Карина қызымыз жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындалмақ.

 карина сисенова (5)

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале