2.03.2017, 10:31
Оқылды: 26

«Қазақтар бізге өмір сыйлады...»

Алғыс айту күні Бөрлі ауданында да аталып өтті. Аудан әкімі Алдияр Халелов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.


«Алғыс айту күні - елімізде тыныштық пен үндестіктің орнығуына негіз болған күн. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды» - дей келе бірнеше азаатқа алғыс хатпен марапаттады. Олардың қатарында1992-1999 жылдары аудан әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Ғ.Өркенов, 1999-2012 жылдары аудандық мәслихат хатшысы болған И.Ізмағамбетов, аудан прокуроры Ж.Аманбаев және 2015-2016 оқу жылында мектепті «Алтын белгіге» бітірген түлектердің сынып жетекшілері  мен кәсіп орын қызметкерлері, спорт және мәдениет саласы қызметкерлері мен әлеуметтік көмек көрсетіп жүрген жандар мен қайырымдылық шараларына белсенділік танытып жүрген жеке кәсіпкерлер бар.

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Бұл туралы шарада сөз алған репрессия жылдары Қазақстан жеріне қоныс аударған В.Юн,  «Хуторок» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Ганненко, конфессияаралық келісім жөнінде аудандық мұсылмандар мешітінің имамы М.Абдрахманов, С.Саровский шіркеуінің иерейі Д.Носковтар айтып өтті.

Сонымен қатар шарада «Алтын белгіге» үміткер Ырыскүл  Әділова Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында еңбек еткен аға буын өкілдеріне, ұстаздарына алғыс айтса, Ақсай қаласы №1 орта мектебінің оқушысы Елшат Сағындық  А.Темірбайдың  «Рахмет, саған, ана» өлеңін оқып, көпшілікті тәнті етті.

 Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале