23.02.2022, 12:20
Оқылды: 56

Қазақтың біртуар Ахметі

Жуырда Бәйтерек ауданы Сұлукөл, Чеботарев ауылдарының кітапханашылары Қаламқас Өтешева мен Алмажан Аймұқашева және аталған ауылдардың клуб меңгерушілері Ерқанат Мұхамбетчин және Наталья Левинец бірігіп әдебиет зерттеушісі,  ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай «Алаштың ардақты арысы» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

FB_IMG_1645519662110

Ұлт ұстазын ұлықтаған шараға мектеп оқушылары, клуб қызметкерлері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен туған жері жайында кеңінен мағлұмат берілді. Одан соң Чеботарев ауылдық кітапханасының оқырманы Эльмира Андирова ақынның «Анаға хат» өлеңін оқыса, сұлукөлдік кітапханашы Қаламқас Сағидоллақызы жазушының туындылары жайында толық әңгімелеп алған әсерлерімен ой бөлісті.

FB_IMG_1645519650004

Кеш соңында кітапханашылар Алмажан Аймұқашева мен Қаламқас Сағидоллақызы  көпшілікті «Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесімен таныстырып, шараға қатысушыларға ризашылықтарын білдірді.

IMG-20220223-WA0033

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале