27.05.2024, 17:45
Оқылды: 43

«Қазақтың қадыры» фильмі таныстырылды

Бүгін Жалпақтал жұрты мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі хақында түсірілген «Қазақтың Қадыры» атты деректі филімнің таныстырылымын тамашалады.

20240527_131704
Қазақтың қабырғалы ақыны Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы мен «Aqjaiyq» телеарнасы бірлесіп қолға алған бұл жобаның жүзеге асуына БҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы үлкен үлес қосты. Бес адамнан құралған түсірілім тобында осы идеяны ұсынушы орталық директоры Серік Тоқмамбетов, мәдени ұйымдастырушы Айнабек Бисенғалиев, танымал журналист, «Aqjaiyq» телеарнасы директорының орынбасары Гүлмира Тілеубаева, телеоператор Алмас Әдиетов, «Атамекен» өнер орталығының дизайнері Мақсат Тұяқтар бар. Филімді түсіру жұмысы 2023 жылы қазан айында қолға алынып, 2024 жылы 24 қаңтарда тұсауы кесілді.

20240527_132243

Жалпақталдық ағайын үлкен экраннан сол филімді тамашалап, «Қадыр қазына» жобасы аясындағы концертті тамашалады.

Онда Қазақстан​ Республикасының мәдениет саласының үздігі Нұршат Исламғалиев, әнші-композитор, ән авторы Ербол Ақбасов республикалық байқаулардың лауреаты Мәди Сабыр, Асланбек Қуаналиев, Алтынбек Базаров ақын Қадыр Мырза Әлінің сөздеріне жазылған жаңа әндерді орындаса, белгілі айтыс ақындары Орынбек Меңдіқұл мен Айнабек Бисенғалиев шаппа-шап айтыс жасап,  көрерменді бір сәт дүр сілкіндірді.

Шара соңында әншілер триосы атақты «Атамекен» әнін орындады.

Одан кейін Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова сөз алып, кеш қонақтарына аудан тұрғындары атынан алғыс айтса, орталық директоры Серік Тоқмамбетов жалпақталдықтарға өз ұжымының ризашылығын жеткізді.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале