11.10.2021, 15:04
Оқылды: 168

Қазан айы — қайырымдылық айы

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері мен тәлім-тағылымының орны бөлек. Өйткені аға ұрпақ жас өмірін ауылдың өсіп-өркендеуіне жұмсады. Олардың салған сара жолы мен еткен еңбегі көпке үлгі.

499AC480-6A26-4C91-A50A-16B748F1DF48

Қайырымдылық айлығы аясында Бәйтерек ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылдық округі әкімі аппараты, Егіндібұлақ мектебі, медициналық пункт, ауылдық клуб және кітапхана ұжымдары ауыл үлкендеріне арнап мерекелік шара ұйымдастырды.

Қарттарға сый-құрмет көрсетіу, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында оздырылған мерекелік шара барысында құттықтаушылар ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан қариялар мен кейуаналардың үйлеріне барып, есік алдында ән мен жырдан шашу шашты. Сондай-ақ сыйлықтар ұсынып, жақсы тілектерін жолдады.

77249C82-620D-4404-AE17-6423F31DFCAA

Ауыл үлкендеріне деген құрметін осылайша көрсеткен тұрғындар арасында округ әкімі Ринат Ескендіров те болды. Ауыл әкімі де ардагерлерге алғысын жеткізіп, округте атқарылып жатқан жұмыстармен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Күтпеген құрметке разы болған ауылдың байырғы тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале