10.08.2023, 16:30
Оқылды: 20

«Қазіргі жастар ерекше...»

Переметный ауылындағы орталық алаңда Халықаралық жастар күніне орай «Жалынды жастық шақ» атты мерекелік концерт өтті.

IMG_20230810_163321_060

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен өткен шараға аудан әкімі Марат Тоқжанов, ҚазИИТУ ректоры Әліби Баяхов пен БҚО қоғамдық даму басқармасының жастар бөлімінің басшысы Мирфат Бисекенов арнайы қатысты.

- Қазіргі жастар ерекше, көзқарастары бөлек. Бойларында қайрат та, айбат та бар. Ең бастысы - білімді. Заман талабына сай тәрбиеленіп келе жатыр. Әр нәрсе өзінің уақытымен болғаны жақсы ғой. Мамандар дәлелдегендей, жиырма бес жасқа дейін ақпарат санаға тез сіңеді. Сондықтан, қымбатты жастар, қазір жалындап тұрған шақтарыңызда оқып, білім жинаңыздар. Ол кейін бүкіл өмірлеріңізге азық болады. Еліміздің болашағын жасайтын өздеріңіз. Барша арман, мақсаттарыңыздың орындалуына тілекшіміз. Жігер, қайрат, талапшылдықпен өмір жолында биік белестерден көрінулеріңіз керек. Біз сіздерге сенеміз, - деген Марат Лұқпанұлы бір топ ауыл жасына алғыс хатын табыстады.

IMG_20230810_163233_339

Мәртебелі меймандар да құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіз-тілектерімен бөліскен соң ауданның дамып, өркендеуіне белсенді атсалысып жүрген бәйтеректік жастарды БҚО қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады.

IMG_20230810_163253_480

Сазды бағдарлама мен бояулар шоуы мерекелік іс-шараның шырайын аша түсті. Кештің арнайы қонағы, танымал жас әнші Алина Герц пен аудан өнерпаздары концерт тамашалауға жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттен соң жастар үшін орталық алаңда ҚазИИТУ би кешін ұйымдастырды.

Нұрсұлу Атамекен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале