Казталов ауданы, Қараоба ауылында Құрылтай депутаттарының сайлауы ұйымшылдықпен өтіп жатыр. Елдің ертеңіне қатысты маңызды саяси науқаннан ауыл тұрғындары да белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруде.

Солардың қатарында Абдрахмановтар отбасы да бар. Бір шаңырақтың астындағы отбасы мүшелері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.
— Елдің болашағы әр отбасының болашағымен тығыз байланысты. Сондықтан отбасымызбен бірге келіп, өз таңдауымызды жасауды жөн көрдік. Балаларымызға да ел өміріне белсенді араласудың, азаматтық жауапкершіліктің маңызын көрсеткіміз келеді, – дейді Абдрахмановтар отбасы.
Жайна Қабиболла,
Казталов ауданы