8.03.2024, 14:30
Оқылды: 7

Казталов ауданы: «Әйелмен әлем әдемі»

Қым-қуат тірліктің ортасында қоғаммен бірге қайнап жүрген әйел-аналар үшін бүгін ерекше күн, бүгін мереке. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, мереке күні аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет арта түседі.

20240307063825_IMG_2347

Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр көктем!» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Асланбек Сарқұлов:

20240307064948_IMG_2358

- Ардақты аналар! Қадірменді арулар!Өзіндік тарихы бар бүкіл дүние жүзі аталып өтетін мерекелеріңіз құтты болсын! Еліміздің өсіп өркендеуі жолында ер азаматтармен иық тіресіп сан салада қызмет етіп жүрген Әйел-Аналардың еңбектері зор. Соның ішінде біздің ауданымызда сан салада қызметте жүрген аналарымыз бен аруларымыздың қоғамда өзіндік орны бар. Ауданымызда 955 көпбалалы отбасы болса, оның 633-і "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері. Еліміздің дамуы ұрпақтың санының артуымен, сапалы, саналы ұрпақты тәрбиеленумен айқындалады. Жаңа бейнероликте өздеріңіз көргендей ел үшін еңбек еткен қаншама аналарымыз бар. Олардың бірқатары Қособадан Еңбекке дейін, Саралжыннан Аққурайға дейін Ана-аруларымыз қатысып отыр.

Қазақта "Алып анадан туады" дейді. Расында да әрбір жетістігі бар азаматтың артында аналарымыз, жарлары тұрады. Сіздер аман болыңыздар, Аналар! , - деп құттықтап, сан салада қызмет еткен бірқатар аналарымызға алғысхаттар табыстады.

20240307064744_IMG_2349

Концерттік бағдарламаның тұсауын ашқан поэзия топтамасы аналарымыздың жүрегін елжіретсе, «Күншуақ» балалар хорының «Ана» әні, сондай-ақ Жайнагүл Құсайнова мен Нұрхан Нұрболаттың орындауындағы «Ана мен бала» әні көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

20240307070950_IMG_2414

20240307071258_IMG_2423

Вокал үйірмесінің оқушыларының «Қыздар, қыздар», Балғаным Ғұбашеваның «Әйелдің бәрі әдемі», Мейрам Мақсоттың «Анашым-ай», Ботагөз Мақатованың  «Анаңды сүйсең,менше сүй», Қайрат Абдуловтың  «Королева красоты», Нәрік Дүйсеновтің «Айдай сұлу аруым» Сыйлық Құсайынованың «Асыл -ана», Мұрат Ахметовтің орындауындағы «Сен сұлу» әндері Әйел-Аналарымызға мерекелік көңіл-күй сыйласа, "Қарлығаштың" тамаша билері мерекелік кешті одан сайын гүлдендірді.

Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале