7.05.2024, 14:12
Оқылды: 25

Казталов ауданы: бір мектепте оқыған бес офицер

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызметте жүрген казталовтық жерлес азаматтарымыз туралы жазуды жөн көрдік.

Казталов ауданы орталығындағы Казталов мектеп-лицейі – талай мықты саңлақтың білім алып, түлеп ұшқан ордасы. Осы мектеп табалдырығынан аттап, тәлім мен тәрбие алған, кейін ұшып, қанат қаққан түлектеріміз еліміздің әр өңірінде, әр түрлі қызметте жүр. Солардың қатарында абырой биігіне жетелейтін, ерлік пен қайсарлыққа тәрбиелейтін әскери мамандық таңдағандары да аз емес. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында Отанын қорғап, халқымыздың тыныштығы үшін адал қызмет жасап жүрген жерлес аға-інілеріміздің өмірі келешек ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

IMG-20240504-WA0082

Ендеше, кезіндегі Казталов жалпы орта білім беретін мектебінде әр жылдары бірге оқып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағында үзеңгілес қызмет еткен жерлестерімізбен таныс болыңыздар. Бұл азаматтар еліміздің тыныштығын сақтап, өмірін қатерге тігіп, бірнеше мәрте арнайы операцияға қатысқанын көбі біле бермейді. Бір мектепте оқып, бірге әскери қызметте қарулас болған жерлестеріміз ауданымыздың мақтанышы, жастарымызға үлгі болмақ.

InShot_20240507_125727622

Сапарғали Халесұлы Мырзағалиев 1978 жылы дүниеге келген. Казталовка орта мектебінің 1995 жылғы түлегі. 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері. Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Осы спорт түрінен «Спорт шеберіне кандидат» атағын алған. 2008 жылы «күрең берет» иегері атанды. 2018 жылы топ бастығы лауазымымен капитан шенінде зейнет демалысына шықты.

InShot_20240507_162217616

Тыныштық Есімғалиұлы Жақыпов 1979 жылы дүниеге келген. Казталовка орта мектебінің 1996 жылғы түлегі. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері. Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлер арасында қоян-қолтық ұрыстан чемпион. Гір тасын көтеруден және үш сайыстан (троеборье) «Спорт шеберіне кандидат» атағын алған. Бүгінгі уақытта «Бүркіт» арнайы жасағында ұрыс бөлімінің бастығы болып қызмет атқарады. Әскери шені – майор.

InShot_20240507_125549818

Ақылбек Серікұлы Абдрахманов 1980 жылы дүниеге келген. Казталовка орта мектебінің 1998 жылғы түлегі. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, күш құрылымдары мен арнайы құрылымдар арасындағы Президенттік көп сайыстың екі дүркін чемпионы. 2019 жылы мергендер бөлімі бастығы лауазымымен аға лейтенант шенінде зейнет демалысына шыққан.

InShot_20240507_135454330

Еркебұлан Айтқалиұлы Исқақов 1982 жылы дүниеге келген. Казталовка орта мектебінің 1999 жылғы түлегі. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері. Қазақстан Республикасы Ішкі істе министрлігі арнайы жасақтары арасында турниктен рекордсмен. 2022 жылы бөлім бастығы лауазымымен аға лейтенант шенінде зейнет демалысына шықты.

InShot_20240507_134216194

Ерлан Талапұлы Идресов 1986 жылы дүниеге келген. Казталовка орта мектебінің 2003 жылғы түлегі. 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрамындағы «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгері. Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлер арасында самбо күресінен екі дүркін чемпион, қоян-қолтық ұрыстан екі дүркін жүлдегер. 2023 жылы топ командирі лауазымымен майор шенінде зейнет демалысына шықты.

Елім деп еңіреп, Отан үшін отқа түскен батырлардың бірі әрі бірегейі Бауыржан Момышұлы атамыз «Жауынгерлік борышты өтеу жеңіспен бірдей» демекші, еліміздің қорғаны болған жерлес батырларымызды келіп жеткен мерекесімен аудан жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале