27.04.2025, 15:00
Оқылды: 283

Казталов ауданы: Қайыңдыда ұлттық ойындар ұлықталды

Казталов ауданындағы қызғалдақты Қайыңды алқабында «Ұлы даланың қызғалдағы» атты IV этномәдени фестивалінде ұлттық ойындар ұлықталды.

5d7552a9-4a13-41ab-b29f-9d5ce3c74647

Мәдени шарада ауыл тұрғындары мен қонақтары арқан тартыс, садақ ату, қазақ күресі, ләңгі тебу, қол күресі және тай, топ, аламан бәйге бойынша бақ сынады.
«Ұлы даланың қызғалдағы» IV этномәдени фестивалінде арқан тартыс бойынша І орынды Қайыңды ауылы, ІІ орынды Әбіш ауылы, ІІІ орынды Болашақ ауылы иемденді.
«Садақ ату» жарысында І орынды Қолғанат Қанатқалиев, ІІ орынды Эльнара Серікова, ІІІ орынды Мағжан Жүнісов жеңіп алды.
Қазақ күресінен І орын Жігер Маусымовқа, ІІ орын Рауан Хасановқа, ІІІ орын Еркебұлан Ерсайға бұйырды.

423fa6f3-d327-4286-835a-655b8418a242
Ләңгі тебу бойынша І орынды Айдынбек Оразғали, ІІ орынды Нұрлыбек Әдиетов, ІІІ орынды Мержан Мағзомов иеленді.
Қол күресі бойынша Айдынбек Оразғали І орын, Альберт Хайырбаев ІІ орын, Жігер Маусымов ІІІ орынды еншіледі.
Аламан бәйге бойынша Абат Сәрсенов (сүлік қара) шабандозы Әлихан (Әбіш ауылы) І орынды, Мұрат Канаев (Көктерек), шабандозы Мерей (Көктерек ауылы) ІІ орынды, Асқар Мұқанғалиев (қоян төбел), шабандоз Нұрсұлтан (Бөкей Орда ауданы) ІІІ орынды иеленді.

IMG-20250426-WA0096
Топ бәйге (Қайыңды ауылының аттары арасында) бойынша Ғинят Кенжеғалиев (Қамал), шабандозы Абдул І орынға, Миржан Әдиетов (Тигр), шабандозы Ғайса ІІ орынға, Миржан Әдиетов (Қарабала), шабандозы Мирасыл ІІІ орынға, Сағынбай Алтаев (Қарагер), шабандозы Елдосбай ІV орынға, Жарас Абдрахманов (жирен қасқа), шабандозы Ерасыл V орынға ие болды.
Тай жарысынан Табылдиев Қадем (Қарақат), шабандозы Әлібек І орынға, Аюпов Еркебұлан (Бойка) шабандозы Бақтияр ІІ орынға, Алтаев Сағынбай (ХанТәңір) шабандозы Сағынжан ІІІ орынға, Абдрахманов Жарас (Торы Төбел) шабандозы Ғайса IV орынға, Алтаев Орынбай (Құлагер) шабандозы Елдосбай V орынға ие болды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға жеңістерің құтты болсын дейміз.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале