Бүгін Қараөзен ауылдық округіне қарасты №247, №248, №266 сайлау учаскелерінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен ауылдық округі әкімінің сайлауы таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады.
- Мен, Қараөзен ауылының байырғы тұрғынымын. Ауыл үлкендерінің санатына қосылғасын саяси науқаннан тыс қалмай, бірінші келген сайлаушы атанып ауылдағы №247 сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасадым. Қазір ауыл жағдайын түзеп, оның хал-ахуалын көтеру жергілікті жердегі әкім қараларға үлкен сын. Сондықтан тұрғындардың зор сенімімен сайланар болашақтағы жаңа әкімге үлкен сенім артамыз. Ауылдастарыммен бірге жұмыла атқарар алдағы жаңа әкімнің жауапты қызметіне тек толайым табыс тілеймін. Ауылымыз көркейіп, жаңара берсін, - дейді еңбек ардагері Марат Қарабалин.
Сайлау учаскелерінің жұмыстары заң тұрғысында жалғасын табуда.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz