10.12.2023, 10:30
Оқылды: 34

Казталов ауданы: Қараөзенде ауыл әкімін сайлау басталды 

Бүгін Қараөзен ауылдық округіне қарасты №247, №248, №266 сайлау учаскелерінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен ауылдық округі әкімінің сайлауы таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.

20231210_070153

Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады.

20231210_070500

- Мен, Қараөзен ауылы­ның байырғы тұрғыным­ын. Ауыл үлкендерінің санатына қосылғасын саяси науқаннан тыс қалмай, бірінші ке­лген сайлаушы атанып ауылдағы №247 сайлау учаскесінде өз таң­дауымды жасадым. Қаз­ір ауыл жағдайын түз­еп, оның хал-ахуалын көтеру жергілікті жердегі әкім қараларға үлкен сын. Сондықт­ан тұрғындардың зор сенімімен сайланар болашақтағы жаңа әкім­ге үлкен сенім артам­ыз. Ауылдастарыммен бірге жұмыла атқарар алдағы жаңа әкімнің жауапты қызметіне тек толайым табыс ті­леймін. Ауылымыз көр­кейіп, жаңара берсін, - дейді еңбек арда­гері Марат Қарабалин.

Сайлау учаскелерінің жұмыстары заң тұрғысында жалғасын табуда.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале