7.05.2026, 23:47
Оқылды: 7

Казталов ауданы: көктеректік білікті маман облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Көктерек орта жалпы білім беретін мектебінің ұстазы Динара Есенгелдіқызы өз ісінің шебері, білім мен біліктілікті ұштастыра білген білікті маман. Ұлағатты ұстаз Динара «Тіл шебері» облыстық байқауында І орын иеленді.

image-07-05-26-05-29-1

Динара Есенгелдіқызы – тек ағылшын тілін үйретуші ұстаз ғана емес, ол шәкірттеріне бағыт-бағдар беретін, олардың болашағына сенім ұялататын тәлімгер. Оның сабақтары мазмұнға бай, заманауи әдістерге негізделген және оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осындай жан-жақты еңбектің нәтижесінде ол әріптестері арасында да, шәкірттері арасында да үлкен құрметке ие.

2022 жылы аудан тұрғындарына арналған ағылшын тілі курсын ұйымдастырып, көптеген адамға жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Бұл оның тек мектеп қабырғасында ғана емес, жалпы қоғам үшін де пайдалы іс атқарып жүргенін көрсетеді.

image-07-05-26-05-29

Алдағы уақытта да Динара Есенгелдіқызы жаңа белестерді бағындырып, білім саласында тың жетістіктерге жете беретініне сенім мол.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале