13.03.2024, 11:15
Оқылды: 47

Казталов ауданы: қызыл судан қауіп бар ма?

Казталов ауданынзда жыл сайын көктемгі тасқыннан келер қауіп ешқашан сейілген жоқ. Сондықтан қамсыз отыруға болмайтынын өзен жағасын мекен еткен елді мекен тұрғындары жақсы сезінеді. Осы тұрғыда Казталов ауданы территориясының үстімен ағатын қос өзеннен едәуір қауіп күтілетіні белгілі.

казталов су жп (1)

Десек те қазір көктемгі су тасқынының жағдайы жіті бақылануда. Көршілес Ресей мемлекетімен екіжақты байланыс орнауының арқасында тиісті мамандармен тұрақты хабар жиі алмасып тұрылады. Күн күрт жылына қалса жоғарыдан қарқынды су ағыны пайда болып, су тасқынының алдын алу барысында сақтық шаралары күшейтіледі.

- Казталов ауданы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 2024 жылғы су тасқыны кезеңін апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Ол жөнінде атап айтар болсақ,
2023 жылдың тамыз айында Әжібай (Қызылту), Әбіш, Ордабай ауылдарына бар дамбаны көтеру үшін аудандық бюджет есебінен арнайы (4 млн 623 мың теңге) каржы бөлініп, қажетті жұмыс атқарылды. 2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар» Жол картасы 2023 жылдың тамыз айында Қарасу ауылдық округі әкімідігінің өз күштерімен ауыл жанындағы дамбаның төмендеген жерлерін қайта көтеру жұмысын жүргізді.

казталов су жп (2)

Аудан әкімімен 2024 жылғы көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу мақсатында 11 қаңтар күні арнайы жоспар жасақталып, тиісті мекемелер мен қызметкерлерге арнайы тапсырмалар жүктелсе, одан бөлек 26 қаңтар күні аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы өткізіліп, су тасқынын қауіпсіз өткізу мәселесі күн тәртібінде қаралып, мекемелер мен округтердің дайындықтары пысықталып, алдын-алу шараларын орындау мақсатында қажетті сала басшылары мен округ әкімдеріне хаттамалық тапсырмалар берілді.

Қазіргі таңда сол жоспарлардың орындалуын қатаң түрде бақылауда ұстап отырмыз. Жалпы аудан аумағында су тасқыны кезеңінде суларды өткізуге арналған республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 312 метр құрайтын 39, ауылішілік 450 метрді құрайтын 75 су өткізу тұрбалары орналасқанын ескерсек, қазіргі кезде аудан аумағымен өтетін Чапаев-Жалпақтал-Казталов республикалық тас жолын күтіп ұстауға жауапты №41 Жалпақтал жол пайдалану учаскесі қызметкерлерімен тас жолдың астында су өткізуге арналған тұрбаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

казталов су жп (3)

Былтыр Ресей Федерациясы тарапынан Үлкен өзенге (Қараөзен) 167, Кіші өзенге (Сарыөзен) 14 миллион су келсе, биылғы жылға болжам бойынша 120-180 миллион аралығында су келуі мүмкін екендігі болжанып отыр.

Қазіргі таңда Казталов ауылының ішінде жиналған қарды «ҚуанҚұрылыс» ЖШС техникаларымен 1500 куб қар шығарылды. Сондай-ақ Үлкен өзенде (Қараөзен) 1000-ға жуық, Кіші өзенде (Сарыөзен) 600-ге жуық ойықтар ойылса, Казталов ауылы ішінде ораналасқан Қарасу тоғанынан 750 шаршы метр қамыс шабу жұмысы жүргізілді. Аудан тұрғындарына аулалардағы қарды уақытылы шығару жөніндегі 2000 данаға жуық жадынамалар Қазпоштаның аудандық филиалымен газет беттеріне салу арқылы таратылды.

Су тасқыны кезінде тұрғын үйлер мен ғимараттарға су кіргізбеу мақсатында аудан аумағында арнайы күштер мен құралдар дайындалды.

Атап айтсақ, аудан әкімдігінде 18 жылжымалы, екі өрт сөндіру бөлімінде 6 жылжымалы, 1 тіркемелі мотопомпа, әкімдікте 4 үрмелі, оның 2 моторлы, 1 темір моторлы қайық Жалпақтал ауылындағы №17 ӨСБ-де орналасақан. Аудан әкімдігінде 7 тонна АЙ-92, 7 тонна дизель жанужағармай қоры сатылып алынса, былтырғыдан 5000, биылға 5000, облыстық ТЖД 10000 дана жалпы саны 20 мыңға жуық қапшық қоры жасақталды. Соның аудан орталығында 1000 дана қап топырақпен қапталып, қоймада дайын тұрғанын, одан бөлек «Казталов» МКК (Комхоз) меншігіндегі эксковатор мен бульдозер Жалпақтал басына су келе бастаған кезде бөгеттерді ашуға көмек беретін болса, «Казсушар» РМК БҚОФ техникалары да Ресей мемлекеті жағынан су келе бастаған кезде көмекке келеді.

Одан бөлек жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарда бар техникаларды да ниет шарттар негізінде пайдаланамыз. Қазіргі кезде Үлкен өзенде (Қараөзен) мұздың қалыңдығы 35-40 см аралығын құраса, Кіші өзенде (Сарыөзен) 30-35 сантиметрді құрап отыр. Тоңның қалыңдығы 58 см, қардың орташа көрсеткіші 5-6 сантиметрді көрсетіп тұр. Ауылдық жерлерде орналасқан тұрғын үйлерге Үлкен өзен мен Кіші өзендердің тасуы кезінде қауіп туындаған жағдай тіркелсе аудан әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі №7 шешімімен эвакуациялық қабылдау пункіттерінің тізімі бектіліп, тізімге сай 34 нысан (мектептер, мәдениет үйлері мен спорттық шаралар өткізетін орындар) 11928 адамды қабылдай алады. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында аудан көлемінде 6 гидроқұрылғы орналасқан.

Атап айтсақ, Кіші өзенде Казталов 1 – 7,20, Казталов 2 – 3,55, Мамай – 3,50, Ақкөл көлі (Сокрыл) – 97, Үлкен өзен, Сарышығанақ – 46, Айдархан 52,37 миллион куб.

Барлығы да республикалық меншікте жағдайлары қанағаттанарлық күйде, Қазсушардың меншігінде орналасқан. Жалпы су тасқынына аудан әкімдігі одан қала берді округ әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін тұрақты жұмыс атқарылуда.

«От пен су тілсіз жау» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Сол себепті қандай жағдайға да біздер дайындық үстіндеміз, - дейді
Казталов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ерген Тасқалиев.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале