26.04.2023, 12:45
Оқылды: 25

Казталов ауданы: мектеп құрылысы тамызда аяқталады

Казталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы тамыз айында аяқталады деп күтіліп отыр. Бұл туралы БҚО құрылыс басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Парасат Жұмағалиев «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының бақылау комиссиясына мәлімдеді.

казталов мектеп (1)

 Фото: zhaikpress.kz

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының бақылау комиссиясының мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, депутат Сакен Ищанов, «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Асылбек Байғазиев аудан орталығындағы Алма Оразбаева атындағы мектептің құрылымен танысты.

казталов мектеп (5)

Қазіргі уақытта құрылыс тоқтап тұрғанымен, қажетті құрылыс материалдары уақтылы жеткізіліп отыр.

-Сот процесі аяқталды. Алдағы уақытта мектептің құрылыс жалғасып, тамыз айының басында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Құрылыс материалдары жеткізіліп жатыр, - деді құрылыс басқармасының бас маманы.

Комиссия мүшелері мектеп құрылысының партия бақылауында болатындығын және жұмысшылардың құқығы қорғалу қажеттігін ескертті.

Бекарыс Әбіш,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

казталов мектеп (4) казталов мектеп (1) казталов мектеп (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале