29.01.2024, 15:30
Оқылды: 19

Казталов ауданы спортшылары жүлделі оралды

26-28 қаңтар күндері Оралда зілтемірді жатып көтеруден БҚО чемпионаты өтті.
IMG-20240129-WA0034
Аталмыш жарыста Казталов ауданының намысын қорғаған жас спортшылары бақ сынап, елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
IMG-20240129-WA0035
Атап айтсақ, Бекнұр Қасым (32 келі), Санжар Елемес (40 келі), Темірхан Әмірхан ​ (44 келі), Нұрдаулет Аманкелді (48 келі), Бексұлтан ​ Сәкенов (48 келі), Мейрамбек Елемес (53 келі) І орын алды.
Ал Азат Ғалымов (40 келі), Дармен Дауренұлы (59 келі), Шалқар Елемес (66 келі), Нұрхат ​ Батыр (74 келі) ІІ орынға ие болды.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале