Казталов ауданы, Әбіш ауылындағы ауылнайы Абат Серікұлы №255 референдум учаскесінде дауыс беріп, азаматтық белсенділігін көрсетті.

Абат Серікұлы өз ойымен бөлісіп: «Референдумға қатысу – әр азаматтың маңызды борышы. Мен өз таңдауымды жасап, ел болашағына үлес қосқаныма қуаныштымын», – деп атап өтті.
Айта кету керек, Казталов ауданында ауылнайлар институты құрылып, жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Бүгінде ауылнайлар ауыл тұрғындары мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, ауылдың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуда. Олар ауылдағы түрлі бастамаларды қолдап, тұрғындардың пікірін жеткізуде маңызды рөл атқарып келеді.
Бүгінгі референдумда да аудан ауылнайлары азаматтық жауапкершілік танытып, ел тағдырына қатысты маңызды науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.
zhaikpress.kz