Бүгін күн суытып, Жалпақталға қалың қар түскеніне де үшінші күнге айналды. Осыған орай облыстық маңызы бар ауылішілік және ауыларалық автомобиль жолдарының да жүріп-тұруға қолайсыздық тудырып, қатынас көліктерінің қиындай түскенін көзімізбен көріп тұрмыз.
Сөзіміздің дәлелі ретінде Жалпақталдан Көктерек, Жұлдыз, Қарасу бағытына шығатын облыстық маңызы бар мына жолдың қазіргі жағдайын арнайы суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауды жөн санадық.
Себебі, осы жолды күтіп ұстауға жауапты мердігер болып танылған «СтартСтройСервис» ЖШС-і қанша уақыт өтсе де, жолды тазаламай әлі күнге қимылсыз отыр.
- Өздеріне беркітілген жол тазалау жұмыстарын уақытында жүргізбей, осынау бейқамсыздыққа тікелей жол берген «СтартСтройСервис» ЖШС-нен аудандағы тиісті басшылар неге қатаң түрде талап етпейді? Біз, Жалпақтал ауылының тұрғындары болып, өз ісіне салқын қарайтын, жауапсыз мердігер басшылығын заң жүзінде жауапқа тартылуын сұраймыз, - дейді тұрғындар...
Бұған нендей уәж айтылар екен?!
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz