28.12.2023, 21:00
Оқылды: 7

Казталов ауданы: Жылдың үздік спортшылары анықталды

Бүгін Жалпақтал ауылындағы Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еңбек ұжымы 2023 жылдың үздік спортшыларын анықтап, салтанатты түрде марапаттау рәсімін өткізді.

IMG-20231228-WA0040

Марапаттау рәсімінде спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев үздік спортшыларды құттықтады.

Үздіктер қатарында түрлі жарыстардан жүлделі орын алған спорт мектебінің шебер шәкірттері мен олардың ізденімпаз жаттықтырушылары арасынан ауыр атлетика бөлімінің жаттықтырушысы Ертілеу Серікұлы, волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Тимур Бақтығалиұлы, самбо күрес бөлімінің жаттықтырушысы Қадырбек Наурызғалиұлы, үстел теннис бөлімінің жаттықтырушысы Ақылбек Азаматұлы, волейбол бөлімінің жаттықтырушысы Мерхат Алмасовтар танылса, шәкірттер арасынан үстел теннисінен Қанибек Қайнар (жаттықтырушысы Аслан Орынғалиұлы), Ғайса Айсұлу (жаттықтырушысы Ақылбек Азаматұлы), волейболдан Талғатқызы Аяулым (жаттықтырушысы Мерхат Наурызғалиұлы), Әлім Темірлан (жаттықтырушысы Тимур Бақтығалиұлы), самбо күресінен Серік Дінмұхамбет (жаттықтырушысы Қадырбек Наурызғалиұлы), Асқаров Қуаныш (жаттықтырушысы Еркебұлан Абылайұлы), еркін күрестен Өтеміс Айбын (жаттықтырушысы​ Мейрамбек Қажымұратұлы), дзю-до күресінен Нұрмұхамбет Әлішер (жаттықтырушысы Ғаділбек Тілекқабылұлы), футболдан Хайыр Әлихан (жаттықтырушысы Қуандық Жұбандықұлы), Абат Рахатов (жаттықтырушысы​ Жомарт Сағынғалиұлы), қазақ күресінен Ақтай Нұрасыл (жаттықтырушысы Жасталап Сәкенұлы), грек-рим күресінен Қази Диас (жаттықтырушысы Мағзом Нәменұлы), ауыр атлетикадан Халитов Эльфат және Ғалиұлы Айбатыр (екеуінің де жаттықтырушысы Ертілеу Серікұлы) Казталов ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «2023 жылдың үздік спортшылары» атағына ие болды.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале