23.11.2024, 18:30
Оқылды: 2

Казталов ауданында 10 млн теңге қаражат округ игілігіне жұмсалады

Кеше Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев Бірік ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, салалық бөлім және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес округ әкімі Жігер Жакиевтің ағымдағы жылы округте атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі тыңдалды.

6

Ағымдағы жылы Бірік ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алды. Бұған ауылдық округ әкімдерінің бағалау көрсеткіштеріндегі жұмыс жоспарын орындап, ІІ орынға ие болып, округке 10 млн теңге қаражат бөлінгені дәлел. Кездесуде округ әкімі бөлінген қаражаттың қайда жұмсалатынын атап өтті.

— Бұл қаражатқа ауыл ішіне кіреберіс жолды жарықтандыру, Саралжын бағытындағы бөгетті тереңдету және күл-қоқыс полигонын тазартып, күл-қоқыс төгетін орынды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Атқарылатын жұмыстар мемлекеттік сатып алу порталына ілініп, мердігерлері анықталып, жұмыстары жүргізіліп жатыр,  — деген округ әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті.

Жиында тұрғындар тарапынан жарық желілерін қалпына келтіру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде мәселелер көтерілді. Тұрғындардың сауалына аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев нақты жауап беріп, мәселені шешу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Кездесуден соң аудан әкімінің орынбасары округ тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Асылбек Нәсіпқали

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале