23.08.2026, 7:30
Оқылды: 16

Казталов ауданында 16 мыңнан астам тұрғын дауыс береді

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары сайлауын өткізу жөніндегі Казталов ауданының учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарын таңғы сағат 06:00-де бастады.

image-23-08-26-07-17-1 Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру бюллетендері полиция қызметкерлерінен қабылдап алынып, дауыс беретін бөлменің жай-күйі тексеріліп, бюллетеньдерді беру үшін жауапты мүшелері айқындалды. Комиссияның әр мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді пысықтап, іс-құжаттарын дайындады. Сонымен қатар әр сайлау учаскесінде дауыс беру үдерісіне қатысушы саяси партиялардың сенім білдірілген  адамдары, байқаушылар мен БАҚ өкілдерінің тіркелуі тиісті талаптарға сәйкес ұйымдастырылды. Дауыс беру учаскелерінің бәрінде де сағат 07:00-де саяси шараның ашылу салтанаты өткізіліп, еліміздің Мемлекеттік Гимні ойналды. Содан соң сайлаушылардың заңнама талаптарына сәйкес дауыс беру процесі басталды.

image-23-08-26-07-17-3

Дауыс беруді өткізу үшін 35 сайлау учаскесінде 16142 тұрғын сайлаушылар тізіміне енгізілген.

image-23-08-26-07-17-4

Дауыс беру барысын бақылауға «Әділет» партиясының байқаушылары мен сенім білдірілген адамдары, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы, «Казталов ауданының жастар кеңесі» аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің байқаушылары және БАҚ өкілдері қатысуда.

image-23-08-26-07-17

Ауыл тұрғындары сайлауға ертемен келіп, үлкен белсенділік танытуда.

 

Жайна Қабиболла,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале