Жуырда Казталов мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын директоры Сергей Тоқпановпен бірге аудандық мемлекеттік коммуналдық шаруашылық кәсіпорнына барып, жұмыс барысымен танысып қайттық. Мекеменің жұмысшы мамандары камаз техникасын, су айдайтын насос СНП-500-10, жол қыратын арнайы техника мен тіркемеге (прицеп) жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Күні кеше Казталов ауданына коммуналдық қызмет дамыту үшін және коммуналдық шаруашылықтар мен кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында экскаватор-тиегіш, фронтальды тиегіш техникалары берілді. Жаңа берілген техникалардың көмегімен Шарафутдинов көшесі мен «Әли» дүкеніне су кіргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Ликер-2 көліндегі таза ауыз су жіберетін ұңғымаларды көктем кезінде қар суы кіріп кетпес үшін топырақ төсеп, биіктету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар Бостандық ауылындағы су қондырғы станциясындағы шіріп кеткен темірлерді политенді құбырларға ауыстырды.
Су мұнарасына көктем кезінде лай сулар кірмес үшін 50 тонна топырақ үйілді. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына ауыз су жіберілді. Алдағы уақыттта да бірқатар жұмыстар жүргізілетін болады.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы