3.03.2021, 23:45
Оқылды: 59

Казталов ауданында «Қайырымды істер марафоны» атты жалпыұлттық жобаға оқушылар да үн қосты

Елімізде «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының бастау алғандығы жөнінде бірнеше мәрте хабардар еткен болатынбыз. Атаулы жобаға Казталов ауданына қарасты ауыл оқушылары да үн қосты.

20210303_233002

Алғыс айту күні қарсаңында Жаңажол ауылдық округіне қарасты Әбіш ауылының Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері ауылдағы жалғыз басты зейнеткер ата-әжелердің үй шаруасына көмектесіп, қар құрсауында қалып, мұз жастанған аулаларын қар мен мұздан босатты. Қолдарына күрек алған ұлдарымыз бен үйдің тазалығының себепшісі болған қыздарымыздың бұл игі істеріне ауыл үлкендері қолдау көрсетіп, батасын беріп, ата-аналары мен ұстаздарына ризашылығын білдірді. Игі бастамаға себепші болған аталмыш мектептің жас мамандары Фариза Ибраемова мен Раушан Өмірзақова екендігін де ерекше атап өткеніміз жөн.

20210303_232950

Жобаның аудан орталығында өткен салтанатты рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова: «Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетумен шектелмейді. Жүрегіне мейірім ұялаған әрбір азамат қолынан келген көмегін аянып қалмауы керек» - деп атап өткен болатын.

20210303_233031

Міне, ауылдың қарадомалақ балалары мен бойжеткен арулары осы сөздің астарын ұғып, өзге де ауыл азаматтары мен жастарға ой салып, үлгі болды. Халқына жанашыр осындай ұл-қыздарымыз көп болғай.

20210303_233020

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале