Қазталов ауданында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған «Кәсіподақ – ынтымақ пен бірліктің тірегі» атты мерекелік шара өтті.

Бағдарлама «Айбын» спорт кешенінде волейболдан ұйымдастырылған тартысты сайыстан басталып, кейін С. Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Ақ дастарқан – ізгі ниет белгісі» атты басқосу және «Бірлігіміз жарасқан» концерттік кешімен жалғасты.

Салтанатты жиын барысында «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы мен облыстық халық шығармашылығы орталығы атынан бірқатар сала қызметкеріне «Еңбек даңқы» медалі, «Құрмет» грамотасы және алғысхаттар табысталды.

Жайна Қабиболла,
Қазталов ауданы