Қазталов ауданында «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, еңбек ардагері Айдар Тапашұлының 75 жас мерейтойына орай «Тағылымы мол жылдар» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысып, мерейтой иесіне жұртшылық атынан арнайы сый-сияпат табыс етті.

Аудан басшысы өз сөзінде Айдар Тапашұлының азаматтық және шығармашылық болмысына тоқталып, оның ел басқарған тұлғалардың мектебінен өткенін атап өтті. Мерейтой иесі бұрынғы Фурманов ауданын басқарған жылдары мектептер, балабақшалар мен архив ғимараттары ел игілігіне берілді. Кеш барысында өнерпаздар ән мен күй тартып, замандастары мен ізбасарлары жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Қазталов ауданы