27.03.2024, 22:34
Оқылды: 27

Казталов ауданында қоғамдық кеңестің кеңейтілген төралқа отырысы өтті

Бүгін Казталов аудандық Қоғамдық кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті. Отырысқа аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері мен аудан әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев, тиісті бөлім басшысы, Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы  қатысты.

44

Жиынның күн тәртібінде Казталов ауданында 2024 жылға бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманжол Баянғалиұлы Қажығалиев хабарлама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып тиісті жауаптар алынды.

Кеңейтілген төралқа отырысында аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі С.Нигметов күн тәртібінен басқа, ауданның кешенді жоспарының орындалуы және ауыз су мәселесі туралы мәселелер көтеріп, алдағы уақытта осы мәселелер төңірегінде аудан әкімінің түсінік беруі туралы және Қоғамдық кеңес мүшесі М.Тоясов ауыз суға төленетін тарифтің жеке және заңды тұлғаға қалай төленетіні туралы түсінік жұмыстарын жүргізу керектігі туралы өз ұсыныстарын айтты.

Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар ескеріліп шешім қабылданды.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале