14.05.2025, 10:00
Оқылды: 274

Казталов ауданында Махамбет оқулары өтті

Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханада М.Өтемісұлының шығармаларын насихаттау мақсатын 5-7 оқушылар арасында өтетін «Махамбетше жырлаймын» атты аудандық байқауы өтті.

image-13-05-25-04-36-1

Байқау ерлік пен өрлікті, рух пен намысты, өлең мен отты сөзді бойына сіңірген Махамбет Өтемісұлына арналады. Байқауда 42 оқушы бақ сынады.

image-13-05-25-04-36-2

Дулығалы батыр да, алмас тілді ақын да болған Махамбет жырлары - ұлт рухының биік шоқтығы.

Жыр мен өнер додасы үш аталым бойынша сарапқа салынады. Алғашқысы «Махамбет жырлары - ерлік пен елдіктің өшпес рухы» деп аталса, екінші аталым «Махамбет поэзиясы - намыс дабылы», ал үшінші бағыт «Махамбет-жыр, Махамбет-рух- шабыт кезі» аталымы болды.

image-13-05-25-04-36

Байқау қорытындысы бойынша «Махамбет жырлары – ерлік пен елдіктің өшпес рухы» эссе бағытында І орынды Дана Мақсот (Ғ.Қараш атындағы мектеп гимназиясының 7 сынып оқушысы) иеленсе, ІІ орынды Інжу Қуанышқалиева (Көктерек ат.ОЖББМ 7 сынып оқушысы), ІІІ орынды Ақнұр Набиуллина (А.Оразбаева атындағы ОЖББМ 7 сынып оқушысы) місе тұтты.

image-13-05-25-04-36-3

«Махамбет поэзиясы – намыс дабылы» өлеңдерін жатқа айту бағыты бойынша І орынды Нұриман Тельман (Қарасу ОЖББМ 7 сынып оқушысы), ІІ орынды Гүлімжан Маратова (Қайыңды ат.ОЖББМ 7 сынып оқушысы), ІІІ орынды Ғибрат Ғиният (А.Хұсайынов ат.ОЖББМ 6 сынып оқушысы) иеленді.

«Махамбет-жыр, Махамбет-рух – шабыт көзі» ақынның күйлерін орындау бағыты бойынша Зере Талапова (Қараөзен мектеп лицейінің 7 сынып оқушысы) ІІ орынға ие болды.

image-13-05-25-04-36-4

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерге I, I, III дәрежелі дипломдармен естелік сыйлық табысталды. Сонымен қатар белсене қатысып, Махамбет жырларын жатқа айтқан оқушыларға да алғысхат пен естелік сыйлық табысталды.

 

Мейірім Парасат,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале