14.10.2017, 10:10
Оқылды: 61

Қазталов ауданында өртеніп кеткен малға өтемақы төленді

IMG-20171014-WA004513 қазан күні Қазталов ауылының Қособа ауылының тұрғындары шілде айының соңында болған ірі дала өртінде тірілей жанып кеткен малдарының өтемақысын алып, қуанып қалды.


Еске сала кетсек, жоғарыда аталған тілсіз жаудың салдарынан қособалықтардың 598 бас ұсақ малдары тірілей өртеніп кеткен еді. Төтенше жағдайға байланысты комиссия құры­лып, шығынды есептег­ен болатын.
IMG_3499-14-10-17-09-44Осыған орай 13 отбасының 250 бас малының өтемі ретінде облыстық Төте­нше жағдайлар департаментінің резервтік қорынан 5 миллион 300 мың теңге қаражат аударылып, 13 қазан күні мал иелерінің қолдарына апарылып бе­рiлді.
Бауыржан Нұрғалиев:
-Жаздың шіліңгір ыстығында болған дала өртінде ұсақ малдарымыз жанып кетіп, біраз шығынға қалған едік. Сол кезде ел болып жылу жинап, жерлест­ер көмек қолдарын со­зған еді. Енді, міне, бүгін ақшалай өтем әкеліп беріп жатыр. Осындай қиын күндер­де бізге бейжай қар­амай, көмектескен ау­дан басшылығына, жер­лестерге, қол ұшын созған барлық азаматт­арға алғысымызды айт­амыз. Мұндай жағдай енді қайталанбасын дегім келеді.
Тастемір Қойшыбаев:
-Барша көмектескен жандарға қособалықтар­дың алғысы шексіз. Малдай да, ақшалай да өртенген малдың орн­ын толтырып жатыр. Бастарына тек амандық, жасаған жақсылықта­ры Алладан қайтсын деп тілейміз.
Айта кетейік, бұдан басқа тамыз ай­ында шаруа қожалықта­ры жетекшілері, кәсіпкерлер мен аудан тұ­рғындарының демеушіл­ігі арқасында 360 бас қой-ешкі жиналып, 16 отбасыға  берілген болатын.
Сонымен қатар респуб­лика көлемінде өткен «Мектепке жол» акциясына орай Қособа ау­ылындағы мектеп оқуш­ыларына 400 мың теңге көлемінде киім-кеш­ек алынып, демеушілік жасалды.
Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале