3.12.2024, 9:15
Оқылды: 116

Казталов ауданында рухани кездесу өтті

Казталов ауданындағы Алма Оразбаева мектебінде білім беру ұйымдарынан келген мектеп президенттерімен «Ұлттық құндылықтар – жас көшбасшылардың рухани тірегі» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, өзін-өзі басқару ұйымының мектеп президенттері мен ауыл олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысушылар қатысты.

image-02-12-24-10-03-4

Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында ұлттық мәдениет пен құндылықтарға негізделген рухани тәрбие беру, олардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ету және болашақта елге қызмет ететін ұрпақты қалыптастыру.

Форумның бірінші бөлімінде арнайы келген қонақтарға мектеп президенті Нұрдәулет Ғазизжан мектеп парламенті мен оқушыларының жеткен жетістіктерімен таныстырды. Сонымен қатар мектеп кітапханашысы Салтанат Тұрымбекқызы сәуір айында мектеп түлектері Мидхат Равильұлы мен Назар Асланбекұлының ұйымдастыруымен «Kitap all» жобасы аясында мектепке тарту еткен 50 жаңа көркем әдебиеттерді таныстыра отырып, 15 минуттық «Таңғы кітап оқу, рухани баю» тақырыбында көркем әдебиеттерді оқуды ұйымдастырды. Кері байланыс ретінде оқушылар 15 минут ішінде оқыған кітабынан алған әсерлерімен бөлісті. «ART Студия» бөлімінің жетекшісі, сызу және бейнелеу пәнінің мұғалімі Ерлан Мендіханұлы сурет әлемі мен таныс болу үшін тәлімгерлерді, мектеп президенттері мен республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларды «ART Студия» кабинетіне саяхаттауға шақырды. «ART Студия» бөлімінің нұсқаушысы (гиді) Мейрамгүл Асылбекқызы шараға келген қонақтарға оқушылардың салған жеке суреттерімен таныстырды. «ART Студия» бөлімінде әр мектептен келген президенттер «Алақан Party» тренингтік ойынымен жалғасын тапты.

image-02-12-24-10-03-7

Шара барысында мектеп президенттері мен оқушыларға «21 ғасыр көшбасшысы» интелектуалды ойыны, ал мектеп тәлімгерлеріне ұлттық ойындар ойнатылды. «Community» залында мектеп парламенттері, оқушылар, тәлімгерлер жасанды интелектпен парламент жұмысымен танысты. Ұланбасы Аяжан Ғарифолла тәрбие бағытындағы «Шаңырақ» жобасын түсіндірді. Мектеп президенттері әлеуметтік жобаларымен, біртұтас тәрбие бағадарламасы аясында атқарылған іс-шаралар тәжірбиесімен бөлісе отырып, пікір алмасты.

Мектеп парламенттері, оқушылар, тәлімгерлер Казталов мектеп лицейінде «Егеменді елдің ертеңі – жарқын болашақ» тақырыбында кездесуімен жалғасын тапты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың бірлігін, бастамашылдығын және алдағы рөлдерін нығайту. Келген қонақтармен танысып, тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Танысу» тренингі (әр қатысушы ортаға шығып, өз есімдерін айта отырып, қай мектептен келгенін және бір қызықты теңеумен айту керек) мен «Сурет салу» тембилдингі ойнатылды.

Егеменді еліміздің ертеңі мен жарқын болашағы – білімді жас ұрпақтың қолында. Бүгінде білім беру саласында озық технологияларды пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ тәрбиелеу. Атап айтар болсақ, электронды оқулықтар, түрлі тестік бағдарламалар мен сабақ барысында оқушының қабілетін арттыруға бағытталған әртүрлі ойындар.

image-02-12-24-10-03-6

Биылғы оқу жылында мектеп парламенті көптеген жобаларды және бастамаларды жүзеге асырғалы отыр. Биылғы оқу жылында «Жайдарман» ойындарынан парламент оқушылары алғысхат, Президент Райымбек Аткеев «Үздік мектеп президенті-2024» байқауының аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінің серификат иегері атанды. Бұл жоба аясында семинарлар, әр түрлі пікір алмасу сабақтарын өткізіліп, оқушылар тәртіпке, белсенді оқушылар қатарында болуға ұмтылады. 8 фракция бойынша Ғ.Қараш атындағы гимназияның президенті Ақнұр Бақытжан «Мектеп президентінің миссиясы: жобалар мен іс-шаралар арқылы мектепті дамыту, К.Меңдалиев атындағы мектебінің президенті Айкөркем Жеңіс «Ізгілік жасай білсең бала шақта, бақытын сезінесің болашақта», Бостандық ЖОББМ-нің президенті Инабат Марат «Жаңа буын – жарқын болащшақ» атты әлеуметтік жобаларын қорғады. 5 «б» сынып оқушылары «Қазақ» биі мен мектеп президенттері поэзия оқып, форум қатысушыларының керемет көңіл-күй сыйлады. Шара барысында мектеп президенттері білімі арқылы іске асырғысы келетін жобалары туралы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен форумды «Атамекен» әуезді әуенімен аяқтады.

Шара соңында «Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!» демекші, өзара шығармашылық, достық қарым-қатынасты нығайту, жағымды көңіл-күй сыйлау мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүзеге асырылатын» «Досbollike» ағашы атты рефлекциямен шараны қорытындылады.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале