12.06.2025, 12:30
Оқылды: 190

Казталов ауданындағы 19 ауыл «Қаладан - ауылға» жобасына кіріп отыр

Казталов ауданында әкім Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен және аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, салалық бөлім басшылары, мектеп директорлары, ауылнайлардың қатысуымен жиын өтті.

IMG20250612095014 (1)
Жиында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің бастамасымен өңірімізде жүзеге асып жатқан «Қаладан - ауылға» жобасы талқыланды.
«Қаладан - ауылға» бағдарламасы алтын бесік ауылды жаңдандыруды мақсат еткен ауылдағы киелі қара шаңырақтың түтінін қайта түтету болып табылады. Айта кету керек, «Қаладан - ауылға» жобасы аясында 2024 жылдың қорытындысымен ауданымызға 19 отбасы құрамында 108 адам көшіп келді.
Өткен жылы ауданымыздың 28 ауылында 142 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, тұрғындарға табысталды. Қанатқақты жобасы аясында көшіп келген тұрғындар округ әкімдіктерімен тұрғын үй кезегіне қойылып, тұрғылықты жерлерге ресми тіркеу жұмыстары жүргізіліп 19 отбасының 18-не жаңа баспана табысталды, 1 отбасыға ауыл тұрғындары көмегімен ескі үй жөнделіп берілді. Қазіргі таңда 17 адам тұрақты жұмысқа, 8-і ақылы қоғамдық жұмыстар мен маусымдық жұмыстарға орналастырылған.
Ендігі кезекте бұл жобаны жандандырып, ауылға көшіп келетін ағайындарға қолайлы жағдай туғызу керек.
Жиында «Қаладан - ауылға» жобасының орындалуы туралы округ әкімдері хабарлама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Жиын барысында аудан басшысы жобаға қатысушылардың бар жағдайын жасап, әсіресе, мал өсірумен айналысуға, кәсіп ашуға қолдау жасау керектігін жеткізді. Сонымен бірге Асланбек Ахметоллаұлы жобаға қызығушылық танытып жатқан отбасылармен жұмыстануды жеделдетуді қатаң тапсырды.

IMG20250612102733 (1)
Дұрыс түсінсек, көшіп келген отбасылар ауылдың өміріне етене араласып, елді мекендегі демографияның, жұмыс күшінің өсуіне, әсіресе бала саны жетіспеушілігіне байланысты жабылу қауіпі бар білім беру ұйымдарының оқушы саның толықтыруда үлкен септігін тигізді. Алдағы уақытта да бағдарлама аясында көшіп келген тұрғындарды әлеуметтік қамтудың белсенді шараларына тарту жұмыстары өз жалғасын табады. Биылғы жылы «Қаладан - ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдардың саның арттыруға ұсыныс білдірілген және көшіп келуге ниетті отбасылардың тізімі жасақталуда. Жобаға былтыр 5 округтен 8 ауыл қамтылған болса, биыл 10 округтен 19 ауыл еніп отыр.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале