28.03.2025, 12:15
Оқылды: 446

Казталов ауданындағы 19 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша аудандық комиссияның отырысында айтылды. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов төрағалық еткен жиынға комиссия мүшелері мен округ әкімдері қатысты.

FB_IMG_1743140293567

Комиссия отырысында алдымен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы м.а. Асфандияр Амангелдиев баяндама жасады. Ол өз сөзінде құрылыс объектілерін салуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау және аяқталмаған құрылыс объектілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тоқталды.

- Казталов ауданы  сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде жыл бойына 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Өткен жылы «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезіңде бастапқы материалдарды ұсыну» бойынша 191 қызмет, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» бұл кызметтің қандай да бір нысанның құрылысын салуға рұқсат берілетін және растайтын құжат бойынша 150 қызмет, «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» бойынша 82 қызмет, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру бойынша 106 қызмет, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша 45 қызмет көрсетілді. Ал Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру бойынша өтініш түспеді, - деді ол.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Саламат Хайруллин коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, тұрғын үйді беру кезектілігін сақтау, тұрғын үй құрылысын жоспарлау және сыбайлас жемқорлық іс әрекеттері көріністерінің алдын алу шараларын атап өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік комиссия отырысы бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мінденттерін айтты.  Ал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмұхамбетов жер учаскелерін беру және жер учаскелерін бөлу кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарының сақталуы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде ақпарат берді.

- 2024 жылы ауданның босалқы жер құрамынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін аудан бойынша жалпы алаңы 34 727 га құрайтын 64 жер учаскесі бекітіліп, конкурс арқылы уақытша өтеулі ұзақ мерзім 10 жыл пайдалану құқығымен ұсынылған болатын. Қазіргі таңда 20 630 га құрайтын 39 жер учаскесі конкурс негізінде жер пайдаланушыларға берілді. 4972 га болатын 8 жер учаскесі қайта конкурсқа шығарылатын болады. 5372 га құрайтын 11 жер учаскесіне ағымдағы жылдың 4 сәуір күні конкурс жарияланады. Нысаналы мақсатына сай пайдаланбайтын жерлерге тоқталсақ, аудан бойынша 2024 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланған 9724 га құрайтын 19 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, — деді бөлім басшысы.

Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқтала отырып, жауапты бөлімдерге ауданымызда жүргізіліп жатқан құрылыстарды бақылауға алу, жобалық-сметалық құжаттарды жасақтау барысында алдын ала талқыға салу, пайдалануға берілген тұрғын үйлерді тексеру және мердігерлермен жұмыстану, жер учаскелеріне ие болған қожалықтардың бизнес-жоспарларының орындалуын қадағалау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале