23.08.2026, 19:50
Оқылды: 15

Қазталов ауданындағы сайлау науқаны: Тұрғындар бірлік пен белсенділік танытты

Қазталов ауданында маңызды саяси күні әрбір азамат ел болашағына қатысты жауапты шешім қабылдап, өз таңдауларын жасауда.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 19.55.11

Атап айтқанда, №254 сайлау учаскесінде Касумовтар отбасы, ал №244 сайлау учаскесінде Васильевтер отбасы сайлауға қатысып, белсенділік танытты.

Бір шаңырақ астында өмір сүріп, бір елдің ертеңіне бейжай қарамайтын түрлі этнос өкілдерінің сайлау үдерісіне жұмыла қатысуы Қазақстандағы достық пен татулықтың берік негізін айшықтай түседі. «Бірлік бар жерде береке бар» дегендей, тұрғындардың бұл ортақ таңдауы жарқын болашаққа бастар жолдың маңызды қадамына айналды.

WhatsApp Image 2026-08-23 at 19.55.14

Сонымен қатар, аудан орталығындағы №258 сайлау учаскесінде де Құрылтай сайлауы қалыпты әрі ұйымшыл түрде өтуде. Бұл учаскеге қарасты Имашев пен Лукпанов көшелерінің тұрғындары ерекше белсенділік танытып, көршілерімен топтасып келіп таңдау жасады. Сайлауға әрқашан отбасымен және көршілерімен бірге келу әдетке айналғанын жеткізген еңбек ардагері Мәлік Ғабдуллин өз азаматтық ұстанымын білдіріп, жаңа заң шығарушы құрылым елдің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосатынына сенім білдірді.

image-23-08-26-05-37

Ернәсіл Рысқалиев,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале